Ұстаздар қашан зейнетке шыға алады?

Screenshot_2.jpg

Енді педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толған ұстаздар зейнетке шығуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева мәлім етті.

Бүгін Астанадағы №59 мектепте «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заңының жобасы талқыға салынды. Шараға ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты.

Заң жобасындағы ұсыныстарды мұғалімдерге Сәуле Кабимолдаева таныстырды. Оның айтуынша, енді ұстаздардың педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толса, олар зейнет шыға алады.

«Зейнетке шығу мәселесіне тоқталайын. Зейнетке шығу жасына сәйкес педагогикалық еңбек өтілі 30 жыл болуы керек. Бұл ұсыныс барлық өңірлерден келіп түсті. Біз педагогикалық еңбек өтілі 30-35 жыл болу керек деп ұзақ талқыладық. Көрші елдердің тәжірибесін қарадық. Кеңес өкіметі кезінен ТМД елдерінде бұл тәжірибе сақталған. Сондықтан 30 жыл жұмыс істеген соң, (мұғалімдер – автор) зейнетке шыға алады деген шешімге келдік», - деді ол.

Жиында Эльмира Суханбердиева аталған заң жобасы ақпан айының басында Мәжілісте таныстырылатынын атап өтті. 

Айта кетейік, өткен жылы Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.

Ал ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Сенатта өткен Үкімет сағатында аталған заң жобасының дайындала бастағанын мәлімдеген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер