2018 жылы 40 мыңдай жұмысшының еңбегі заңдастырылды

Screenshot_3.jpg

2018 жылы заңсыз еңбек қатынастары орын алып отырған экономика салалары бойынша (ауыл шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтану және тағы басқа) «Еңбек келісім-шартын жасаңыз» акциясы өтті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республика бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 10 мыңға жуық жұмыс беруші жұмысшылармен еңбек қатынасын заңдастырды. Бұл орайда 37,9 мың еңбек келісімшарты жасалды.

Қолға алынған шаралар республика кәсіпорындарда әлеуметтік тұрақтылықты қамтуға мүмкіндік берді.

2019 жылы Қазақстанда өндірістік жарақаттануды төмендету үшін (жазатайым оқиғаның коэффиценті 1000 адамға санағанда 0,27% дейін) өндірісте жарақаттануды және зиянды жұмыс жағдайларын төмендету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Кешенді жол картасы қабылданатын болады. Бұл «Еңбекті қорғау жылы» аясында қолға алынып отырған шара.

Еңбек жанжалдарын болдырмау үшін ҚР Үкіметімен бекітілген әлеуметтік-еңбек жанжалдары бойынша ескерту және рұқсат беру Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында қосымша құралдары әзірленетін болады;

ҚР Президентінің тапсырмасын орындауда ең төменгі жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүргізіледі.

ҚР заңдарының сақталуы бойынша еліміздегі барлық кәсіпорында профилактикалық бақылау жүргізу енгізілді.

Еңбек қатынастарын реттеу саласында, электронды еңбек келісім-шарттарын қоса алғанда цифрландыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер