Министр көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы баспананы көбейтуді ұсынды

Screenshot_2.jpg

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жер» бағдарламасындағы көпбалалы отбасыларға берілетін жалдамалы баспананы арттыруды ұсынды.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында министр Астанада болған қайғылы оқиға туралы пікір білдірді. «Бұл өте қайғылы оқиға және үлкен мәселе. Бүгін Ерболат Досаев мырзамен (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ред.) аталған мәселеге қатысты үлкен жиналыс өтеді. Біз осындай отбасыларға (көпбалалы - ред.) қосымша пәтерлер салу үшін қаражат іздеп жатырмыз.

«Нұрлы жер» бойынша жылына 700 арендалық пәтер көпбалалы отбасыларға берілетін болса, олардың санын 2-3 есеге көбейту керек... «Нұрлы жер» бағдарламасына көпбалалы жанұялар үшін арнайы бөлім қосуды ұсынып отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек. 

Министр елімізде 28 мың көпбалалы жанұя жергілікті органдарда арендалық баспана кезегінде тұрғанын атап өтті. Жалдау құны баспананың әр шаршы метріне 100 теңгені құрайды. 

«Яғни, екі бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны 8-10 мың теңге ғана. Бұл әлеуметтік аз қамтылған жандар үшін ыңғайлы баға. Өткен жылдары көпбалалы жандарға 500-700 пәтер берілетін. Енді Елбасы тапсырмасымен арендалық баспананы қаржыландыруды 35 млрд теңгеге дейін ұлғайттық. Енді 4 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл кезекте мүгедектер, жетім балалар, ауған соғысының ардагерлері бар - санаттар өте көп», - деді министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер