Тоқтар Үсіпәлиев: 5000 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады

1536030932_4sfera1.jpg

– Елбасы тапсырмасына сәйкес еліміздің басқа облыстары мен қалаларының әкімдіктері, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері өздерінің есебінен қарастырылған 18 нысанды салып береді. Мұнда алғаш рет келген «Би-Ай груп», «Базис», «Мобитекс» секілді үлкен компаниялар құрылыс нысандарының заңды бас мердігерлері болғанымен талаптар бойынша қосымша құрылыстардың көпшілігін жергілікті құрылыс компаниялары атқарады. Бүгінде салынып жатқан көпқабатты 26 үйдің бәрінде де Түркістан, Кентау қалалары мен осы маңдағы елді мекендердің тұрғындары жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында бұрын Астана қаласындағы  құрылыстарға атсалықан жергілікті тәжірибелі құрылысшы мамандар да бар. Шетелдік инвесторлар келсе де заң талаптары бойынша тек инженерлік персоналдарын алып келе алады. Негізінен осында тұратын мамандарды жұмысқа тарту тиіс. Шамамен кем дегенде 5000 жерлігілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Мұндай көлемді құрылыстар бұған дейін облыстың тарихында да болмаған. Елімізде Астанадан кейінгі мұндай көп құрылыс Түркістанда салынады деп айтуға болады, – деді Өңірлік коммникациялар қызметінде брифинг берген  облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев. Ол түркістандықтардың жұмыспен қамтылуы бақылауымызда болады деп сендірді.

2018 жылдың қорытынды есебі туралы баяндаған спикердің сөзіне сүйенсек, былтыр Түркістан облысында республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен құны 38,7 млрд. теңгені құрайтын 169 инвестициялық жобаның құрылыстары басталған. Оның 71-і пайдалануға берілген екен. Қалғандарының құрылыстары әлі жалғасыда. 

Басқарманың бекітілген бюджет қаржысының басым бөлігі білім саласына жұмсалыпты. Атап айтқанда, 80 нысанның құрылысына 17,9 млрд. теңге қаралған. Оның 39-ы ел игілігіне берілсе, 41-і биыл аяқталады.Денсаулық сақтау саласында 5,8 млрд. теңгеге бағаланған 11 нысанның құрылысы жүргізіліп, 2-уі былтыр тапсырылса, 9-ы осы жылы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, өткен жылы іргетасы қаланған көпқабатты 53 үйдің 15-інің құрылысы бітіп, қоныстанушыларға берілген. 

2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарлама аясында жалпы алаңы 344 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, жалпы аумағы 387,8 мың шаршы метрі былтыр пайдалануға беріліпті. Бұл – 3003 пәтер. Ал, облыс орталығында биыл күзде «7-20-25» бағдарламасы бойынша жеке салымшыларға арнап «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы былтыр құрылыстарын бастаған 336 пәтерлі  көпқабатты 6 үй иелеріне табыс етіледі.

Сонымен қатар, облыс аумағында әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған қос қабатты 32 тұрғын үй құрылысына 1 млрд. 929млн. теңге қаржы қарастырылған. Оның 13-нің құрылысы аяқталыпты. Қалған баспаналар биыл пайдалануға берілмек. 

Басқарма тарапынан биыл 39,6 млрд. теңгеге 148 инвестициялық жоба іске асырылады. 2019 жылы 81-і пайдалануға берілсе, 67 нысан құрылысы келесі жылға өтпелі. Атап айтқанда, білім беру саласында – 69, денсаулық сақтау саласында – 4, ішкі істер органы – 2, тұрғын үй құрылысы бойынша 62 нысанның құрылысы жүргізіледі.

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер