Қырғыздың картобы шіріп жатыр

Screenshot_3.jpg

Үкіметтің өтірік уәдесіне сенген Ыстықкөл облысындағы шаруалар шаш етектен шығынға батты. 

Шаруалар Өзбекстан картоп сатып алады деген үмітпен өнімді биыл көп еккен. Бірақ өзбек тарапы оны сатып алудан бас тартқан. 

Өзбекстанның ресми өкілдері Қырғызстанмен картоп сатып алу туралы үкіметаралық келісім жасамағанын мәлімдеген. "Қырғызстан бұған қызығушылық танытқан, бірақ кәсіпкерлер Пәкістанның арзан өнімімен нарықты толтырған", - деді өзбек үкіметіндегі дереккөз.

Қазір Қырғызстандағы мыңдаған шаруа өнімдерін Өзбекстанға сатуға үгіттеген үкіметті кінәлап отыр. Көптеген шаруалар несие туырлап, шығынға ұшыраған. Картопты сақтайтын қойма тапшылығынан өнімдер шіріп жатыр.

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге қатысты сауалдарға жауап беруден бас тартқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сән-салтанат салығының орнына қандай алым түрі енгізіледі — Жұманғарин жауабы
  • Анкарада 1 сәуірге дейін жаппай митингі өткізуге тыйым салынды
  • Аманжол Әлтай: Ұятсыз фильмдер көбейіп кетті
  • Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсті
  • "EL ARNA" және "Хабар" телеарналары біріктірілетін болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер