Түрікменстанда "тегін дәуір" аяқталды

Screenshot_4.jpg

Тегін газбен, тегін су, тегін жарық,  тегін тұзбен мақтанатын Түркіменстанда жағдай күрт өзгерді. 1 қаңтардан бастап елде бұрынғы жеңілдіктердің бәрі алынып тасталды. Енді елде ешнәрсе тегін емес.

Президент Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовтың айтуынша, қазір халықтың жағдайы күн санап жақсарып келеді.  Енді табысы көбейген халықтың коммуналдық төлемдерге ақша беруіне жағдайы көтереді екен.

-Қазір біз жаңа экономикалық жағдайларда өмір сүріп жатырмыз. Енді табиғи байлықтарымыздың қызығын біз ғана емес, келешек ұрпақ та көруі тиіс,-деді президент.  

Бірақ елде халықтың тұрмысының жақсарғаны байқалмайды. Азық-түлік тапшылығы күшейіп келеді. Нанның жетіспеушілігінен әр адамға аптасына үш бөлкеден артық нан сатып алмау туралы талап қойылған. Ауылдардағы жағдай мүлдем қиын. Нан алу үшін халық Ашхабадтқа барады. Ал полиция олардың  көліктерін тексеріп, көп азық-түлік алғандарды «қара тізімге» енгізеді. «Қара тізімге» енгендерді енді қайтып қалаға кіргізбейді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер