Қазақстан жемқорлықпен күресте ілгерілеп емес, төмендеп келеді

Screenshot_8.jpg

Transparency International (TI) халықаралық ұйымы жыл сайынғы Жемқорлықты қабылдау индексін (Corruption Perceptions Index 2018) жариялады. Қазақстан индексте 2018 жылы екі орын төмендеп, 124-орынға төмендеді. Ұйым былтыр Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері мемлекеттік және қоғамдық салаларда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуда алға ілгерілей алмай, аймақта демократияға қауіп төндіргенін мәлім етіпті.

Индекстегі 180 елдің үштен екісінен көбі 2018 жылы жемқорлықпен күресте тиісті 100 баллдан 50-ден төмен балл жинаған. Балл неғұрлым аз болған сайын, мемлекеттің жемқорлықты қабылдау индексіндегі орны да төмендей береді. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің орташа балы 35-ті құрап отыр. Қазақстан 2017 жылы жемқорлық индексінде 31 баллмен тоғыз орынға жоғарылап 122-орынға шықса, 2018 жылы дәл осындай баллмен екі орын төмендеді.

Индексте алдыңғы орындарда Дания (88 балл) мен Жаңа Зеландия (87 балл), Финляндия, Сингапур және Швеция (85 балл) тұр. Ұйым 100-ден 45 немесе одан да төмен балл алған елдерде жемқорлықпен күресте айтарлықтай ілгерілеу болмағанын көрсетеді. 

Орталық Азия елдері арасында Түркіменстан 161, Өзбекстан 158, Тәжікстан 152, Қырғызстан 132-орында тұр. Ресей биылғы индексте үш орын төмендеп, 138-орынға түскен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер