Тараз қаласында нан бағасы қымбаттайды

Screenshot_9.jpg

Былтыр жыл соңывнда Таразда бөлке нанның  бағасы 75 теңгеге дейін қымбаттап, ел біраз дүрліккен болатын. Наубайханалар мұын ұн бағасының қымбаттығымен түсіндірді.  Кейінірек  ас атасына қойылған баға қайтадан қалпына түсті. Облыс әкімдігі кәсіпкерлермен кездесіп,  бағаны тұрақтандырған еді. Алайда мұның уақытша амал екендігін шенеуніктер сол кезде-ақ айтқан. 

-Астық пен ұн бағасының көтерілуіне байланысты ақпан айында нан бағасының кем дегенде 10 теңгеге көтерілуі мүмкін. Оны арзан ұнның барлық қорын бітірген наубайшылар да қалап отыр. Өткен жылдың тамыз айынан бастап бағаны қолдан келгенше ұстап тұрдық, енді наубайханаларды банкротқа ұшырату мүмкін емес, - дейді Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Самат Үрпеков. 

Бұған дейін жергілікті билік наубайханаларға арзандатылған ұн таратып келген. Бүгінде арзан ұнның қоры таусылуға жақындаған. Қоймада бар-жоғы оншақты күнге жететін ұн бар. Қор ары барса ақпманның ортасында бітеді. Ал қалалық әкімдік ұнды 93 теңгеден сатып алып, оны 73 теңгеден наубайханаларға таратудың тиімсіздігін алға тартып отыр. Әкімдік осы тиімсіз тәсілді былтыр күзден бері қолданып келген. Оны енді ары қарай жалғастыру мүмкін емес.

Мамандардың айтуынша, 10 ақпаннан бастап нанның бағасы - 65 теңге, 10 ақпаннан бастап 75 теңге болады. Бұған дейін Тараз қаласындағы нан бағасы еліміздегі ең арзан баға саналатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер