Нан бар жерде ән бар

31131020_728205767303318_8221702439846281216_n.jpg

Түркістан қаласында ас атасы нанды табыс көзіне айналдырған кәсіпкер бар. Насиба Атаева басқаратын «Яссы нан» цехы бүгінде Түркістан қаласын ғана емес, сонымен қатар  Кентау, Шәуілдір, Иқан, Атабай, Шорнақ, Шобанақ елді мекендерін түрлі нанмен, тортпен, тәтті нан-тоқаш өнімдерімен, шұжық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. 3 цехта 10 инженерлік-техникалық жұмысшы, жалпы 120 адам жұмыс істейді. Дәмі тіл үйіретін тәттілердің де атаулары сан алуан. Мәселен «Фруктовый», «Киевский», «Маковый», «Шоколадты», «Бал қосылған», «Грильяж», «Дуэт», «Даниэла» т.б. 

«Поляк-германиялық технологиямен жабдықталған цехымызда қазіргі уақытта өз ісін меңгерген, «он саусағынан бал тамған» кондитер мамандар 12 сағат жұмыс ауысымымен еңбек етеді. Олардың әрқайсысының өз атқаратын жұмыстары бар, яғни қамыр дайындау процестерін бақылау, крем дайындау, тәттілердің арасына салма әзірлеу, т.б. Айлықтары – 60 мың теңге. Мұнымен қатар 500-600 адамға арналған той-жиындарға тапсырыс қабылдаймыз», дейді цех басшысы, технолог Н.Атаева. 

Осыншама қызу қайнаған жұмыс барысында мекеме қайырымды іс жасауды да назардан тыс қалдырған емес, жағдайы төмен отбасыларға, медреселерге жиі қаржылай көмек көрсетіп, нан тарқатып отырады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер