Сайрам-Өгемдегі сенбілікке 800-ге жуық адам қатысты

85856ac5-9880-437e-99ab-1f1f7b392acc.jpg

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы еліміздің барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында ұйымдастырылады. Аталған игі шара Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өтті.

Акцияға Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, Төлеби ауданы әкімдігі мен мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер, Kaspi банк қызметкерлері, экологиялық ұйымдардың өкілдері, белсенділер, еріктілер, мектеп орманшылықтары және де БАҚ өкілдері қатысты.

24944255-1ecd-48e9-88ab-1bf521c22721.jpg

Экологиялық сенбілік аясында өзендердің арнасы, туристік маршруттар, Төлеби филиалы Сайрамсу шатқалындағы ұзындығы 5 шақырым асфальт жол бойын, 3 шақырым өзен жағалауы және 8 демалыс алаңқайларын, (14 га) 2 кордон-демалыс үйлерінің, өткізу-тазалау бекетінің төңіректерінде, басқа да табиғи орындарда тазалау, тәртіпке келтіру, абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

"Сайрам-Өгем"мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Сахит Қынтаев аталған экологиялық акция азаматтарды Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігін тигізетінін айтты. Оның айтуынша, Сайрам-Өгем МҰТП аумағында өткен сенбілікке 800-ге жуық азамат қатысқан.   

a9c85d97-5577-4651-80d2-8e7733fe1e3a.jpg

Ұйымдастырылып отырған бұл акцияның маңызы өте зор. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бір мезетте барша қазақстандықтар игі іске ат салысып, бірліктің үлгісін көрсетті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер