Ерлікпен қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш ашылды

66199885_665743700567988_8763204984448745472_n.jpg

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туылған күніне орай Сарыағашта қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арнап мемориалды ескерткіш ашылды. Ескерткіш Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ауласында орналасқан. Оны салтанатты түрде ішкі істер органдарының ардагерлері А.Ештаев пен Ә.Диханбаевтар ашып, гүл шоқтарын қойды. Жиналған қауым бір минуттық үнсіздікпен батырларды еске алды. Ашылған мемориалды ескерткішке қаза тапқан 8 полиция қызметкерінің есімі жазылған. 
"Бүгін біз еліміздің әрбір азаматының қауіпсіздігін, олардың бейбіт өмір сүруі мен қоғам тыныштығын қорғайтындарды құрметтеу үшін жиналдық. Қылмыскермен бетпе-бет келуден қорықпайтын батыр ұлдарымызды, оларды құрықтауда жанын пида еткен полицейлерді бүгін ұлықтауға келіп отырмыз. Ішкі істер органдарының қызметкерлері кез-келген уақытта адамдарға көмекке келеді. Полицейлер кезекшілік міндетін атқарған кезде де өздерінің өмірлерін жиі тәуекел етеді. Сондай-ақ, Департамент бастығының, өзімнің атымнан ерлік пен қаһармандық үшін қаза тапқан полицейлерді өмірге әкелген, еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеген ата-аналарға басымды иіп, алғысымды айтамын. Қызметтік борыштарын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқандар есімі отандастар есінде мәңгі қалады",- деді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұхтар Аманқұлұлы.
Осыдан соң, туристік полиция бөлімшесінің полицейі, полиция майоры Н.Алимбековтің орындауында жанды дауыспен бірнеше әндер шырқалды. Ерлікпен қаза болғандарды еске түсірген әуезді әндер жиналғандардың көзіне еріксіз жас ұялатты. Шара барысында қаза болған полицейлердің ата-аналарына, жақындарына Сарыағаш АПБ тарапынан құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің атынан бірқатар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс хаттар берілді. Жиын соңында Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде ас беріліп, құран бағышталды.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер