Қазақстанда митингтер мен наразылық акциялары бірінен соң бірі өтіп, полиция шерушілерді шетінен ұстай бастағанда, президенттікті қолға алған Қасым-Жомарт Тоқаев «бұдан былай арнайы органдар митингтерге бөгет болмайды» деген еді. Тіпті, соңғы Жолдауында әкімдерге митинг өтетін жерлерді қала ішінен белгілеуді тапсырған да болатын.
Президент тапсырмасы қаншалықты орындалып, митингке қандай жерлерді белгілеген? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz хабарлайды.
Биыл Қазақстан тарихында митингілер мен толқулар ең көп өткен жыл. Аналардың бас көтеруі, сайлау кезіндегі толқулар, Қытай зауыттарына қарсылық, саяси тұтқындарды босату туралы жеке адамдардың пикеттерімен жалғасты. Алғашында полиция рұқсат етілмеген деп бас көтергендерді тұтқындап жатса, президент тапсырмасынан соң әр қала митингіге арналған алаң дайындады.
Талдықорғанның "Жеңіс" саябағында қалалық мәслихаттың шешімімен митинг, пикет өткізуге рұқсат етілген. Талдықорға қаласы бойынша мұндай жиындарды 4 жеде өткізуге болады. "Ардагерлер" саябағы мен қалаға қарасты Еркін, Өтенай ауылдарында ескерткіш алаңына рұқсат берілген.
Кей қалада митинг өткізуге ілуде біреуге ғана рұқсат берілген. 2016 жылы қалалық мәслихаттың шешімімен Мамыртоғай мен қалалық мәдениет үйінің алдында митинг өткізуге рұқсат берілген. Мұнда ел ішкі наразылығы мен талап-тілегін айта алады. Ал, қалалық әкімдік осы үш жылда тек бір рет, Иегово куәгерлеріне қарсы наразылық акциясын өткізуге рұқсат берген.
Қарағанды облысында соңғы екі жылды билік 54 орынды бекітіп қойған. Ал, Қарағандының өзінде айғай-шусыз митингілер 5 орында ұйымдастырылмақ. ол "Литейщик" стадионы, Қали Байжанов атындағы гүлзар, Ленин кинотеатрының арты, "Достық" гүлзары мен Пришахтинскідегі жастар үйі. Бұл аймақта белсенділерден митинг өткізуге әлі бірде бір рет арыз түскен жоқ.
Қарағанды қаласында ғана емес, әлі бір де бір қалада президент Жолдауынан соң оппозициялық рингтегі акция өткен жоқ.