Назарбаев пен Сағынтаевтың билеп жүрген видеосы жарияланды

image_750x_5b10ee641ac59.jpg

Президент пен премьердің 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнінде билеген сәтін Ақорда жариялаған видеодан көруге болады.

Өткен айда мемлекет басшысының жұмыс кестесі маңызды оқиғалар мен кездесулерге толы болды. Ақорда президенттің жұмыс кестесіндегі жарқын әрі ауқымды оқиғаларды еске түсіруді жөн көрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Президенттің баспасөз қызметі жариялаған видео Қазақстан халқы бірлігі күні Астанадағы алаңдардың бірінде өткен мерекелік шарадан басталады. Роликте Нұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаевтың ұлттық костюм киген әйелмен билеп жүрген сәті көрсетілген.

Айта кетсек, Ақордада өткен кездесулер мен жиналыстардан бөлек, Елбасы Қазақстанның екі өңіріне жұмыс сапарымен барып, Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына қатысты. Akorda.kz ресми сайтында Қазақстан президентінің қызметі туралы 51 ақпараттық хабарлама жарияланды.

Видео мына сілтемеде:

https://sputniknews.kz/video/20180601/5846548.html

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • 2029-2030 жылдары Ұлттық қорды 100 млрд долларға толтыру керек – Жұманғарин
  • Украинаның Еуропалық Одаққа қосылуына кімдер қарсы?
  • Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысатын қазақстандықтарға қандай жаза қолданылады?
  • Трамп: Бұрын-соңды болмаған ауқымды бомбалау болуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер