Ауыр жұмыс істейтін депутаттар 1-ақ миллион теңге жалақы алатынын айтып шағымданды

Screenshot_1.jpg

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко өзінің еңбекақысы қанша екенін айтты. Депутаттың айтуынша, халық қалаулыларының жұмысы ауыр екен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Владимир Божко сенатор Бірғаным Әйтімованың мәлімдесіне қатысты пікір білдірді. Естеріңізде болса, сенат депутаты күні кеше ғана жалақыны гараж қызметкерімен тең аламын деп, айды аспанға бір-ақ шығарған еді. 

Божконың айтуынша, депутаттардың жұмысы ауыр екен. Оның сөзіне сенсек, мәжілісмендер түрлі саяси сауалдарға жауап беріп, көптеген ақпаратты игере алуы керек екен.

"Халықтың көңілінен шығып, олардың мүддесін қорғау – оңай шаруа емес. Жалпы адамдармен жұмыс істеу өте қиын, міне осымен үш жылдан асты осында жұмыс істеп жатқаныма", - дейді депутат.

Сонымен бірге, ол халық қалаулыларының жалақысына қатысты ойын да ортаға салды. Айтуынша, олардың дені 1 миллионға жетпейтін жалақы алатын көрінеді. Мәжіліс төрағасының орынбасары өзінің де шамамен 1 миллиондай еңбекақы алатынын айтқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Сауран ауданы ортағасырлық археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер