Нығматулин біраз министрлер мен депутаттардың құпиясын ашты

ыыыы.jpg

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин кейбір фильмдер ұлттық стандарттарға сай болмаса да халық арасында танымал екенін айтты.

Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Бүгін Мәжілісте Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Кинематография туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады. Заң жобасын талқылау барысында Нығматулин ұлттық стандарттарға сай келмесе де, халық арасында танымал фильмдерді мысалға келтіріп, оларды мойындауға шақырды.

Мәжіліс спикері заң жобасында фильм жоғары көркемдік деңгейде түсіріліп, халықтың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырса, Қазақстанды кино өнері арқылы әлемге танытуға септігін тигізсе ғана ұлттық деп танылатыны айтылғанын атап өтті.

«Бүгінде осындай қауіп бар. Егер мазмұндық бөлігіне тоқталсақ, онда фильмдер көрсетілген критерий бойынша ұлттық комиссиядан үнемі өте бермеуі мүмкін. Алайда олар халық арасында өте танымал.

Яғни, бір қарағанда онда идеологиялық құрам жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін, мәселен «Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!» фильмі. Владимир Карповичтің (Божко, депутат – автор ескерт.) сүйікті фильмі.

Комисссия бұл картинада бірқатар этикалық және азаматтық нормалардың бұзылғанын анықтайтын еді», — деген депутат кинокартинадағы заң бұзушылықтарды санамалай жөнелді.

Осы кезде мәдениет және спорт министрі: «Ең бастысы, біреудің әйелін өзіне қаратып алды», — деп әзілдеді.

«Залда отырған кейбір адамдар мұны заңбұзушылық деп санамайды», — деп күлді Нығматуллин.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер