"28 мыңға күн көруге бола ма?" деген сұраққа Еңбек министрі жауап бермей қойды

2018052213064040026_snimok.jpg

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстан халқының 2,6 пайызы кедейшіліктің шегінде өмір сүреді екен. Елімізде ең төменгі күн көріс деңгейі - 28,7 мың теңгені құрайды екен. Осы сомаға Қазақстанда өмір сүруге бола ма? Бұл сұрақтың жауабын Азаттық Радиосының тілшілері министрлер мен депутаттардан анықтамақ болды

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Қазақстанда кедейшілік шегінде өмір сүретін адамдардың 2,6 пайыздан да көп екенін айтып өтті. 

"Сол күнкөріс деңгейін анықтаған адамдардың өздері осы ақшаға өмір сүріп көрсе қалай болатынын көрер едім", - деп жауап қайтарды ол тілші сұрағына.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев кез-келген шетелдің мемлекеттерінде кедейлер бар екенін, бірақ мемлекеттер олардың әл-ауқатын арттыру үшін көмектесетінін айтып өтті.

"Азаматтарға қабілеттерін дұрыстап пайдалануға мүмкіндік толықтай әлі берген жоқпыз", - деп сөзін тәмәмдады депутат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова болса жауап беруден үзілді-кесілді бас тартып, кетуге асықты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер