Премьер-Министр: Әкімдіктер құтқару техникаларының орнына қымбат көліктер сатып алады

image_380x240_5b03f691df422.jpg

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қымбат көліктер сатып алып, өртке және су тасқынына қарсы техникаларға ақша таппайтын әкімдіктерді сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Облыстарда негізгі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда олардың сапасы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі төмен.  БАҚ беттерінен әкімдіктердің жыл сайын қымбат автокөліктер сатып алып жатқанын оқимыз. Ал өрте, су тасқынына қарсы және басқа да апаттық техникалардың сатып алуға ақашалары жоқ. Бірінші кезекте материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді назарға алуларыңызды сұраймын», – дейді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қазгидрометтің биылғы жылы жаз мезгілінде бірқатар өңірде ауа температурасы қалыптан жоғары болатынын болжағанын атап өтті.

«Сондықтан бұл мәселеге баса назар аудару қажет. Ауыл шаруашылық министрлігіне облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесе отырып,  табиғатты қорғау және орман шаруашылығындағы өрт сөндіру техникаларының деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын», – дейді Үкімет басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер