Латын әліпбиі тағы да өзгере ме?

image_750x_5afdbefa15e0d.jpg

Әу баста, латын әліпбиінің алғашқы (диграфты) нұсқасы, кейіннен екінші (апострофты) нұсқасы белгілі болғаннан–ақ, халық арасында әртүрлі пікірлер айтылып жүрді. Бірі қолдаса, бірі тілдің қажеттілігін өтей алмайтын әліпби нұсқалары деп танып, өз тұжырымдары мен дәйектерін ғаламтар, баспасөз беттерінде ашық ұсынды. Осы жолы бекітілген қазақ әліпбиінің үшінші, диакритикалық таңбалы нұсқасы көпшілік тарапынан қолдау тауып жатқан секілді. Себебі, әліпбидің қазақ жазуына толық сай келетін, оны жеңіл меңгеруге қажетті басым тұстары бар, деген пікір айтады тіл мамандары.


— Біріншіден, диакритикалық таңбалардың пайдаланылуы дыбыстардың жуанды-жіңішкелі нұсқаларын бір-бірінен жеңіл ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, негізінен бір таңба, бір дыбыс принципі сақталған, ал  ш және ч таңбаларының диграф арқылы берілуі жазуға еш нұқсан келтірмейді және ағылшын тілін меңгерген тұлғалар үшін өте жеңіл нұсқа болып табылады. Үшіншіден, әліпбидегі 32 қаріп қазақ тілінің бүгінгі талабына толық жауап береді. Соңғысы, орфографияның морфологиялық принципі емес, фонетикалық принципіне негізделген бұл әліпби қазақ сөзінің айтылу қалыбын сақтап қалу бағытында тигізер әсері мол болмақ, — дейді филология ғылымдарының кандидаты, профессор Владимир Шнайдер.  Павлодарда өткен латын ғарпінің соңғы нұсқасын талдауға арналған жиында В. Шнайдер соңғы нұсқаға тағы да біраз өзгерістердің қажет екенін дәлелдеуге тырысты.


— Бекітілген соңғы нұсқадағы 12-ші таңба j (ж) әрпін өзгерткен дұрыс. — J таңбасын Й етіп белгілеу керек. Ал, Ж әрпін Z әрпінің үстіне белгі қойып таңбаласа, оқылуы да жеңіл болады. Қазақ тілінде әріптердің жұбы бар. Мысалы: ы-і, г-ғ, н-ң, о-ө. Сол сияқты Ж мен З әріптері де жұп болу керек. Тағы бір айтарым S (с) және Sh (ш) әріптері. Ш-ны күрделендірмей-ақ, S –тың үстіне белгі қоюға болатын секілді. Осындай ерекшеліктер ескерілсе, соңында жақсы нәтиже болады деген үміттемін. Көш жүре түзеледі, — дейді Владимир Шнайдер.


Латын әліпбиіне көшу мәселесінде отандастарымыздың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғаны жөн, деген пікір айтады тіл мамандары. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Орыс тіліне жалтақтап  қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латын қарпіне көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлт ретінде дамуымызға жол ашады, дейді Екібастұз қаласының тұрғыны, аудармашы Ертарғын Сейітахметов.


Оның айтуынша, латын алфавитін балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО-да үйрету керек. Яғни, оны жазу мен оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік механизмдерін ойластыру қажет. Олар қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы шарт. Осы аталған мәселелерді мемлекет тарапынан қадағалайтын, бақылайтын арнайы мекеме қызметкерлері болғаны абзал. Өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын ғарпіне көшу, оны жазып оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.


Есенбек Санатұлы, Павлодар


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер