Жемқорлық туралы хабарлаған адамға қанша ақша төленді?

image_750x_5afdbe9d821ca.jpg

Қазақстанда 226 қазақстандыққа жемқорлық туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 31 миллион теңге төленді, деп мәлімдеді Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов.

2016 жылмен салыстырғанда былтырғы жылы жемқорлық туралы хабарлаған адамдар саны айтарлықтай өскен.

«2017 жылғы қорытынды бойынша 226 адам жалпы сомасы 31 миллион теңгемен марапатталды. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен 12-18%-ға артық», — деді Салауат Мүксімов брифингте.

Агенттік өкілі атап өткендей, марапат сомасы қылмыстың ауырлық деңгейіне байланысты өзгереді. Және бұл шара сот үкімі заңды күшіне енген соң ғана орындалады.

Сонымен қатар, Мүксімов тіркелген қылмыстар санының төмендегенін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер