Премьер-министр қарамағындағы министрлерді қатаң сынға алды

image_750x_5b1f7cbc96e72.jpg

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бүгінгі үкімет отырысында бөлінген қаражатты игере алмай жатқан министрлерге қатаң ескерту жасады деп хабарлайды Вaq.kz

Үкімет отырысына қатысқан министрлер республикалық бюджеттің ағымдағы жылдың бес айындағы қорытындысы жайлы баяндама жасады.

Министрлердің сөзін тыңдап болған Сағынтаев өз ойымен де бөлісті.

«Негізгі біздің мәселелердің барлығы тек қана құрылыста. 275 млрд теңге 2018 жылға қабылдаған болсақ, қалған міндеттемеміз – 178 млрд теңге. Яғни, алда әлі 100 млрд теңгеге міндеттемелер қабылдау керек», - деді Сағынтаев.

Премьер-министр бөлінген қаржы игерілмесе, алты айдың қорытындысы есебінде қайтару керек болатындығын атап өтіп, сөз соңында министрлерге ескерту жасады.

«Елбасының тапсырмасы бойынша үкімет қаржыны бөлді. Парламент қолдады. Бюджет қабылданды. Бірақ, қаржы игерілмейді. Қашанғы күтіп отырамыз? Не экономикада өсім жоқ, не халықтың алдында айтатын сөз жоқ. Есеп берілген кезде бәрін де қатырып жатырмыз деп айтамыз. Одан кейін бәрі ұмыт қалады. Айтпады демеңіздер, құрметті әріптестер! Соңғы сөз – жарты айдың қорытындысынан кейін бөлінген алайда игерілмеген қаржы басқа салаға жұмсалатын болады. Ары қарай өздеріңіз білесіздер. Халық пен елбасының алдында өздеріңіз жауап бересіздер», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дінтанушы «Тәлім Trend» бағдарламасы туралы пікір білдірді
  • Біржан Байтуов: «Қазақ дүниетанымына жат еш нәрсе көрген жоқпын»
  • Назира Дәрімбет: «Мұхамеджан Тазабек ақымақ емес»
  • Шымкентте су бағасы қымбаттамайды
  • Басы кішкентай, денесі ұзын! Қонаевқа арналған ескерткіш сынға ілікті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер