
Иран Пәкістан туы ілінген 20 кемеге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді. Бұл туралы Пәкістан Сыртқы істер министрі Исхак Дар мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
— Мен сіздерге тамаша жаңалықты қуана жеткіземін: Иран үкіметі Ормуз бұғазы арқылы Пәкістан туы ілінген 20 кеменің өтуіне рұқсат берді. Күн сайын бұғаз арқылы екі кеме өтетін болады. Бұл — Иран тарапынан жасалған көптен күткен әрі сындарлы қадам, ол жоғары бағалауға лайық. Бұл — бейбітшіліктің белгісі және өңірдегі тұрақтылыққа ықпал етеді. Бұл оң мәлімдеме бейбітшілікке бағытталған маңызды қадамды білдіреді және осы бағыттағы ортақ күш-жігерімізді нығайтады. Диалог, дипломатия және осындай сенімді нығайтатын шаралар — алға жылжудың жалғыз жолы, — деп жазды ол.
