Танымал журналист қазақ балалары балабақшадан бастап жемқорлыққа үйренетінін айтты

ма-ьчик-с-еньгами-65976208.jpg

Фейсбуктегі Сәуле Әбілдаханқызының мына жазбасын оқып отырып, ол айтып отырған ойға амалсыз келістім. Өйткені екінің бірінің көкейінде жүрген жайтты ашық жеткізіпті:

«Осы біздің елде «Жастар саясаты», «Жас отан» деген ұйым ба, басқарма ма, бірдеңелер бар иә? Ал жастар идеологиясы бар ма? «Ұлттық идеология» деп зар илегенімізге 30 жылдың жүзі болды. Жарайды, бүгінгі биліктің ұлттық идеология жасауға құлықтары жоқ екен, сауаттары жетпейді екен, білімсіз екен, біліксіз екен…

Ал енді жастар идеологиясын қалыптастыруға болар еді ғой, солай ма?

Біздің жастар — келер ұрпақ қандай идеологиямен тәрбиеленуде?

Мектеп, ЖОО былай қойғанда, балабақшадан пара беруге баланың да етін үйретеміз.

«Өмірдің мәні — байлық» деген түсінікті балабақшадан миына сіңіреміз. Адалдық, адамгершілік, достық туралы ертегіге балаларымыз да сенуден қалған…

«Бала құқығы» деген батыстың «заңы» пәле боп жабысты, ата—аналарын, ұстаздарын тепкілейтін, сотқа беретін ұрпақ келді. Оқымай—ақ, еңбек етпей—ақ баюды мақсат ететін буын өсіп жетілді. Интернет, интернет—клубтар, түнгі клубтар, ол жерлерде таратылатын «дәрілер» ұрпақты аздырып, тоздырып, түбіне жетіп жатыр…

Дін атын жамылған сан алуан ағымдар жастарымызды көкпар ғып өңгеріп, ту—талақайын шығарып, жан—жаққа жұлып әкетіп жатыр…

…Мұндай әлеуметтік, қоғамдық құлдыраулардың, жас ұрпақты түпсіз терең шыңырауға батырып жатқан құбылыстардың жүз түрін тізуге болады…

Қайран, октябрят, пионер, комсомол!.. Біздің бойымызға тек адамгершілік, шыншылдық қасиетті дарытқан жақсы идеология едіңдер… сендерді құрдымға жіберіп алып, 30 жылдан бері орындарыңды алмастыратын балама компас таппай сансырап келеміз».


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер