Негізгі себеп – Ресей мұнайы саудасына ЕО елдері енгізген санкциялар. Бұл «Лукойлдың» Румыния мен Молдова Республикасындағы бизнесіне де әсер етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Mold-street.com сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздерден мәлім болғанындай, тізімдегі бірінші сатып алушы – ағылшын-голландия энергетика алыбы Royal Dutch Shell. Shell деген атпен танымал компания – Еуропа мұнай секторындағы да ірі ойыншылардың бірі.
2022 жылдың мамырында Украинадағы жағдайға байланысты Shell Ресейдегі активтерін – Ресейдің орталығы және солтүстік-батысындағы 114 жанармай құю стансасы мен Торжоктағы майлау материалдары зауытын сатты. Оларды Ресей мұнайын өндіру бойынша екінші орында тұрған «Лукойл» компаниясына сатып алды.
Екінші әлеуетті сатып алушы – Румыния мен Молдова Республикасында Rompetrol брендімен жанармай құю стансалары желісі және көрші елдегі ең заманауи Petromidia мұнай өңдеу зауытының иесі – Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы.
Нарықтағы дереккөздер бойынша, келіссөздер Мәскеуде жүргізілген, бірақ нәтижесі белгісіз.
«Лукойл» мен «ҚМГ» мәмілеге келер болса, қазақстандық компания Молдова Республикасының мұнай нарығында үстемдікке ие болады. Соған сәйкес, бәсекелестікті қорғау органдарының келісімінсіз мәміле бұғатталуы мүмкін.
Кей деректер бойынша, басқа да бәсекелестер болған, бірақ олардың аттары әзірге жасырын.
«Лукойл-Молдованы» («Лукойл-Румынияны» да) ресейлік алып «Лукойл» швейцариялық Litasko SA еншілес компаниясы арқылы қадағалайды.
Компанияның 106 жанармай құю стансасынан тұратын желісі (Молдовадағы ірісі), үш мұнай базасы және сұйытылған газ терминалы бар. Молдова Республикасының екі телеарнасы жариялаған бәсекелестік жөніндегі кеңестің мұнай өнімдері нарығын тергеу туралы құпия есебіне сәйкес, «Лукойл-Молдова» үлесі 2019 жылы 20,29%, ал 2020 жылы бөлшек отын нарығында 19,84% болды. Сонымен бірге, 2020 жылы «Лукойл» дизель отыны импортының шамамен 40,8%-ын және бензин импортының шамамен 33,5%-ын қамтамасыз етті.
2021 жылы «Лукойл-Молдоваға» 5,97 млрд лей кіріс түскені тіркелді, бұл – 2020 жылмен салыстырғанда 37%-ға көп және пайда – 60,2 млн лей шамасында болған.