Шетелдік туристерге қандай кәдесый ұнайды?

Screenshot_2.jpg

Саяхаттаған еліңнен алған әсерің ұмытылмастай болуы үшін кәдесыйлардың алар орны-бөлек. Қазақстанғы туризм саласы жолға қойылған қалалардың бірі, Түркістандағы туристердің талғамын таразылап көрген болатынбыз. Шетелдік туристерге қандай кәдесый ұнайды?

Динчер Динч,  ирактық турист: Мен Түркістан қаласына білім алу үшін келдім. Бұл қаланы таңдауыма тарихи орындардың әсері басым болды. Таулы аймақ, өзен-көл, жалпы айтқанда әсем табиғат маған комфорт сыйламайды. Мені Қожа Ахмет Ясауи тарихи нысаны көп қызықтырды. Тіл үйрену қиынға соқпады. Қала тұрғындары қонақжай болғандықтан климатқа тез бейімделдім. Қазақстаннан отанымдағы достарыма қолөнер бұйымдарын апарамын. Оларға қазақ  мәдениеті қызық. Өлкелеріңіз туралы ақпаратты естіген таныстарым Қазақстанға келуге қатты құмартады. Алғашында, «Ол мемлекет қай материкте орналасқан», деп те сұрайтын. Байыпты қалыпта «Азияның жүрегінде орналасқан тарихы терең мемлекет» деп түсіндіремін. Балбал мүсінше, құрақ жастық сыйлаған достарым қатты таңданды. Құрақтың тігіннен қалған қалдық материалдан дайындалғанын естіп, қазақтардың ысырапшылдыққа жол бермейтіндігіне құрметпен қарады. Кейіннен сол досым ою-өрнектерді зерттеп кетті. Әр оюдың өзіндік мағынаға ие екенін білгенде, «қазақтар-ұлы халық» екен деп қорытынды шығарды. Кәдесый неғұрлым ұлттың қандай екендігін ұқтыратын болса, соғұрлым сұраныс артады. 

Иылмаз Саты-Нұр, түркиялық турист: Мен етжақындарыма қазақтың ұлттық нақышындағы тоқыма бұйымдарды алып барамын. Өзім  Анталияға жақын орналасқан елді мекенде тұрамын. Түркияға туристер демалу үшін келеді ғой. Түркістанға Ұлы Жібек бойында орналасқан тарихи қала ретінде таңдауым түсті. Орта Азияның бірнеше қаласында болдым. Өзбекстан, Қырғызстан секілді мемлекеттер жақын орналасса да әрқайсы өзіне сай кескін-келбет қалыптастырған. Сіздердің кәдесыйларыңыздың қарапайымдылығы ұлттың мінезіне тән секілді. Қонақжай пейілдеріңізді де ерекше айтып өткім келеді. Мен достарыма міндетті түрде Қазақстанға келуді ұсынамын. Біздерге Әзірет Сұлтан қорық-мұражай аймағынан көрген түйе таңсық болды. Түйеге отырып көру мен үшін естен кетпес естелік болады.

Абубакир Туткын, түркиялық турист: Түркістан қаласы ежелгі мәдениетті тануыма ықпал жасады. Өзім де туризм саласының маманымын. Түркістан қаласына жаңа нысандардың салынып жатқанын байқадым. Алдағы уақытта көне шаһарға тағы да келіп көремін деген ниетім бар. Осы жолғы сапарымнан естелік ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің полотносын алдым. Кенептегі майлы бояу менің Түркістандағы көрген-білгенімді сабақтай түседі. Сіздердің ұлттық нақыштағы тақияларыңызды да еліме ала баруды жөн санадым.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер