Түркістаным – тірегім, Балдәуренім - жүрегім!

image.png

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде тұрған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой.

 Түркістан - көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихи бертерге толы. IV-Xғ Түркістан орнында Шағбар деген үлкен қала болған. IX-X ғ ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді. Сол кезден бастап Яссы, ал  XV ғ –дан бастап Түркістан деп аталады. “Түркістан деген сөз – түріктер мекені, елі” деген сөз. Өйткені сол заман бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Сол кезден бастап қала түркі халықтардың діни орталығы болып келді.

Ежелгі Түркістан қаласы қазақ топырағындағы сол кездегі саяси мәселелерді, дау-дамайларды шешу орталығы болған. Бұл қаланың  түбінде мәр төбеде  үш  жүздің өкілі ылғи бас қосып, уәжге  келіп  отырған. Жер  дауы, жесір дауы  осы  арада  шешіліп, әңгіме өзек болған. Исі түркі халықтарының  екінші  меккесі  атанған Түркістан аумалы-төкпелі заманда елге нық сенім беріп, діни және рухани беріктікті  сақтап  қалуға көмектескен рухани тазарту орталығы болған. Оны  қазақ  жерінің әр жерінің түкпірінен  мінәжат етіп  келген халық ауыр қасіретпен  қиындықтан  қорғайтын  пана деп білген.

Түркістанда теңгесі жоқ Ахмет Иассауидің сөулетті ғимараты  ерекше көзге түседі. Мұны Х1V ғасырдың алдында әйгілі Ақсақ Темір салдырған. Оның ені 46,5  ұзындығы 62,5 биіктігі 40 метрге жуық. Әр түрлі мақсатқа пайдаланатын 35 бөлмеден тұрады. Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар. Осы бөлмеде салмағы 2 тонна келетін ішіне 3000 литр  су сиятын үлкен «Тайқазан» орнатылған. Тайқазан-молшылықтың белгісі.

Қасиетті Түркістан жеріне барған қазақ халқы Арыстанбабтың қабіріне орнатылған кесенегеде бармай кетпейді. Арыстанбаб-ғалымдық діндердің бірі исламды түркі әлеміне танытушы,таратушы Мұхаммед Пайғамбардың ісін жалғастырушы дінге сыйынған зиратшылар  «Арыстанбабқа түне, Қожа Ахметке тіле!»-дейді:

Түркістанда түмен баб

Сіздермен медет тілеймін

Сайрамдағы сансыз баб

Отырардағы отыз баб

Ең үлкені Арыстанбаб

Сіздермен медет тілеймін  

Қазақстанның  халық жазушысы  Ш.Мұртаза «Киелі Түркістан» деген  мақаласында  былай деген: “Әр елдің, егер ол өз  тарихын, өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болды.”  Мысалы, ол өзбектерде Самарханд, Бұхара, орыстарда Суздаль, Владимир, Иранда - Машхат. Ал біз үшін қазақтар үшін сондай рухани алып –Түркістан.

Бүгінде облыс орталығы болған тарихи халамыз күннен-күнге қарыштап дамып, көркейіп келеді. Облыс құрамында 16 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 8 қала , 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

 Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады. Түркістан облысының ірі аудандарының бірі болған Төлеби ауданы басқа аудандардан өзінің ерекше табиғатымен ерекшеленеді. Осы Ордақонған тауы Төле бабамыздың өмірінің соңына дейін жазғы жайлауына айналыпты. Төле бабамыздың жайлауы болғандықтан 1991 жылы осы ауылда Төле бабамызға үлкен ас беріліп, осы ауданды «Төлеби ауданы» деп атады. 2013 жылы Төле бабамыздың 350 жылдық мерей тойы осы ауданда Ордақонған тауының етегінде тойланды.

 «Балдаурен-Шымкент» РОСО-да осы Ордақонған тауының етегінде Тоғыс өзенінің бойында орналасқан керемет орталықтың бірі. 2018 жылдың қазан айынан бастап өз бауырына бүлдіршіндерді қабылдап, бүгін міне екі жасқа толып отыр. Осы екі жылдың ішінде республика көлеміндегі жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, үздік болған оқушыларымызды қабылдап, балалық шақтарының естен кетпес естеліктеріне айналды. Бауырына келген әр баланың талғамынан шығып, біліммен қатар тәрбиелеп, сауықтырып, 20 күндік демалыстарын қызықты, әрі тиімді өткізудің бар жағдайын жасауда.  Өзім батыстың ұлы болғаныма қарамастан шырайлы Шымқаладан кеткім келмейді. Табиғаты мен адамдарының үйлесімділігі ерекше. 

«Балдәурен-Шымкент» РОСО филиалы менің арманыма қанат байлап, мақсатыма бір қадам жақындатуда. Ұйымдастырушы-ұстаз (вожатый) болу қызықты, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Алдыңа келген 30 баланың мінезін, еркелігін көтеріп, оның ата-анасы, аға-әпкесі, досы бола білуің керек. Өкініштісі 24 жастан кейін тәрбиеші бола алмайсың. Менің бұл жұмыстан ешуақытта бас тартқым келмейді. Себебі, періштедей пәк балалардың шат-шадыман күлкісін көргенде бар жұмыстың қиыншылығын ұмытып, баламен бала болып кетесің. 

Жалпы баламен жұмыс жасау үлкен жауапкершілік пен зор ізденісті талап етеді. Осы орталықта өткен 2 жыл болашақта өз балаларымды тәрбиелеудегі зор мүмкіндіктерге жол ашады. 2002 жылы өз жұмысын бастаған «Балдәурен» РОСО қазіргі таңда саны төрт орталыққа жетті. «Балдәурен-Көкшетау», «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәурен-Шымкент», «Балдәурен-Балқаш» филиалдары бүгінгі таңда өздерінің сүйікті оқушыларын қабылдап, озат оқушылардың қимас орталығына айналған. 

Екі жылдық мерейтойын тойлап отырған арман аралы бүгінгі таңда көптеген жетістіктерге жетіп, мұғалімдер мен оқушыларға мүмкіндіктер жаратуда. Әлемді жайлаған пандемияға қарамастан 18-мамырдан бастап Мақтаарал ауданының оқушыларын қабылдап, өзінің елмен бірге екенін көрсетуде. 

Босымбаев Даурен Әбдікәрімұлы басқарып отырған «Балдәурен-Шымкент» РОСО бүгінгі таңда өзінің оң бастамаларымен жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта орталығымыз қарыштап дамып, өзінің игі бастамаларымен оқушыларды қуанта береді деген сенімім мол. 2 жылдық мерейтрйың құтты болсын балалардың арман аралы - «Балдәурен-Шымкент».  

ӘЛІБЕКОВ Ерасыл Әлібекұлы,

«Балдәурен» РОСО филиалының ұйымдастырушы-ұстазы.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер