Қасымхан Бегман: Тынбай қызмет жасап жатқан дәрігерлердің еңбегі ерен

Қасымхан Бегман - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: 

200321161229457e.jpg

Осындай қиын-қыстау кезеңде жанын қатерге тігіп, отандастарымызды аурудан аман алып қалу жолында талмай, тынбай қызмет жасап жатқан дәрігерлердің еңбегі ерен. Өз отбасы, ұл-қыздарын Аллаға аманаттап, адам жанына араша болып жүрген олардың қазіргі еңбегі қандай құрметке болса да лайық. Осыны ескеріп, Президентіміз маңызды шешім қабылдады. Қызмет етіп жатқан орнының, жағдайының қауіптілігіне қарай жалақысына үстемақы тағайындады. Ақша - адам жанына арашашы бола алмайды. Дегенмен, бұл шешім медицина мамандарын сапалы жұмысқа ынталандырудың төте жолы. Бұл бастаманы халық жаппай қуаттады. Себебі, дәл қазіргі кезеңде Алладан кейінгі сенеріміз де, сүйенеріміз де сол ақ халаттылар. Ауруға душар болған отандастарымыздың алды айығып, өз үйлеріне оралуы – халықтың дәрігерлер қауымына деген сенімін еселей түскендей. 

Мен барша халықты дәрігерлерді барынша қолдап, жағымсыз пікір, жөнсіз қылжақпен жандарын ауыртпай, қатер үстінде жасап жатқан қызметтеріне рухани көмек беруге шақырар едім.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер