Инара Намазбаева: Қиын кезеңде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге тамаша мүмкіндік

Инара Намазбаева -Түркістан қаласы "Қуаныш" ЖСН-нің директоры:

200321163948919e.jpg

Дүрбелең сәтте кез-келген жылы сөз жаныңа жағады екен. Мемлекет басшысы күні кеше бізге соны дәлелдеді. Әсіресе, осындай індет таралған сәтте әбіргерге түскен халықтың әл-ауқатының төмендеуінің алдын-алу үшін атқарылатын қыруар жұмыстарды тізбектеп бергені – сенімді молайтып, күдікті сейілтті. Осындай кезеңде жұмыс істеу процесі қиындаған кәсіп иелері, жәрдемақы ала-алмай қаламыз ба деп уайымдаған халық, уақытша жұмысынан айырылған азматтардың барлығын да Мемлекет қамқорлықсыз қалдырмайтын болды. 1 қазанға дейінгі аралықта шағын және орта бизнес өкілдерін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуы – қиын кезеңде кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге тамаша мүмкіндік болды. Бұл, жұмыс қарқыны бәсеңдеген кәсіп иелерінің халыққа ұсынатын қызметінің табысты, сапалы жалғасуына үлкен көмек болары сөзсіз. Енді біздің алдымызда Мемлекет тарапынан берілетін барлық көмектерді алып, аурудан сақтанудың барлық шараларын орындап, тұтастай Қазақстан елінің амандығына үшін үйден шықпай ықпал ету мүмкіндігі тұр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер