Елордадағы "Сергек" камераларының жұмысы наурызда тоқтайды

image.png

Астанада жол қозғалысын 2017 жылдан бері реттеп отырған "Сергек"  бейнебақылау жүйелері тоқтатылады. Енді осы жылдың 13 наурызынан бастап  Елордадағы бейнебақылау жүйесі G42 холдингіне кіретін Presight компаниясына берілмек деп хабарлайды   Rgmedia.kz тілшісі. 

Жаңа жүйе  БАӘ компаниясына тиесілі. Инвестиция көлемі – 53 миллиард теңге. Жобаны 100% жеке инвестор қаржыландырмақ. 

Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Дидар Сүлейменов "Сергектің" кемшіліктері бар екенін және жаңа компанияға өту процесін қолдады.

2017 жылы «Сергек» жобасы жүзеге асырылды. Биылдың 13 наурызында «Көркем Телеком» компаниясымен келісімшарт мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және жобаны одан әрі дамыту тұрғысында G42 холдингіне кіретін Presight халықаралық компаниясымен елорда үшін жасанды интеллект негізінде қалалық инфрақұрылымды басқарудың жобалық шешімін іске асыру жұмысын атқардық. Жаңа жобаны қалыптастыру кезінде қазіргі қолданыстағы жүйенің кемшіліктері ескерілді. Жаңа жоба бейне түсірілім ағынын таратудың бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді. Қазіргі инфрақұрылым жаңа жеке серіктестің басқаруына беріледі, бұл қазіргі жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жобада 22 мың жалпы бейнебақылау камерасы, қиылыстарда 732 аппараттық-бағдарламалық кешен, желілік учаскелерде 470 аппараттық-бағдарламалық кешен, сонымен қатар бейне талдаудың 35 түрі қарастырылған. Жоба аясында деректерді өңдеу орталығы ұйымдастырылып, кез келген оқыс оқиғаға жедел әрекет ету үшін жедел коммуналдық қызметтерді біріктіретін бірыңғай ситуациялық орталық қамтамасыз етіледі, - деді басқарма басшысы.

Басқарма басшысының сөзінше жұмыстың 60%-ын қазақстандық компаниялар орындайды. Жүйе толық іске қосылғаннан кейін ғана инвесторға төлем жүргізілетін болады. Жоба 2030 жылға дейін жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстан 2026 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы мүмкін
  • Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер көбеймек
  • Антикор басшысы Димашпен кездесті
  • Блогер имамдардың да табысын тексеру керектігін айтты
  • Депутат Жанарбек Әшімжан TikTok-қа тыйым салуды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер