Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

image.png

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Базарбайұлы Жазықпаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Шымкент университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Статистика агенттігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК маманы болып бастаған.

2010 жылдан 2014 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеген.

2014–2018 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында бөлім бастығынан басқарма басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018–2023 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ» Деректерді талдау және өңдеу департаментінің директоры

2023–2024 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия және ірі деректерді талдау департаментінің директоры.

2024–2025 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры.

2025 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
  • Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады
  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер