Жүрсін Ерман діни сектаға кетіп қалған айтыскерлердің атын атады (видео)

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман діни сектаның қарамағына ілініп кеткен айтыскерлер туралы айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбаймен сұхбаты барысында айтты.

Жүрсін Ерман.png

Журналистің "Үй, көлік алды деп қалдыңыз нақты дәлел бар ма оған?" - деген сауалға ақын өз жауабын берді. 

- Кетіп қалған ақындарды айтайықшы. Діни көшті бұрушылар алып кеткендер тура Балғынбек, тура Жандарбек, тура Сара, Сырым деген бала бар. Олардың қайда жүргені бізге бәрібір. Бірақ, осылар кетіп қалды ғой. Жақсылық Орынбасаров деген жігіт кетіп қалды домбырасын өртеп. Сол хабарласып, аға мен райымнан қайттым енді айтыстың көшіне қайта қосыламын деген соң, кеше айтыстырдық. Бірақ, ниетін өзгертіп кеп отыр. Түсінді. Ақындық талант Алланың берген нығметі. Соны халыққа жұмсау керек қой. Анаған, мынаған еріп кетіп. Қандай қазақтың қыздар-жігіттері айтыстың аламанын шулатып, қандай мереке болды. Соның ішінде жүру керек қой. Неге ол бөлініп жарылу керек - деді Жүрсін Ерман.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Парламент жаңа Су кодексін бекітті
  • Қазақ тазысына берілген патент жарамсыз болып шықты
  • Мүфтият ЛГБТ өкілдеріне қатысты ресми пәтуа шығарды
  • Нұрлан имам көз тию, жын кіру, сиқыр туралы айтты
  • Киев кейбір аумақтарын Ресейге беруі мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер