Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады

image.png

 Қазақстанда науқастың туысқандары мен дәрігердің қарым-қатынасын реттейтін бірыңғай стандарт енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта айтқан.   Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пациенттердің туыстарын ақпараттандыруға арналған орталықтандырылған сервисті енгізу бағытында пилоттық жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Ол мыналарды көздейді:

— пациенттің ауруханаға жатқызылу мәртебесі туралы (бөлімшеде болуы, реанимацияда жатуы, операцияда болуы, басқа бөлімшеге ауыстырылуы және т. б.) туыстарын ақпараттандырудың бірыңғай арнасын құру;

— мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен цифрлық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өтініш берушіні сәйкестендіру және оның өкілеттігін растау тетіктерін қамтамасыз ету;

— өтініштерді тіркей отырып және ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді айқындай отырып, сервисті медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялау;

— медициналық ұйымдардың пациенттердің туыстарымен коммуникациясының бірыңғай регламенттері мен стандарттарын әзірлеу.

Қарапайымдап айтсақ, мемлекет науқастардың туыстарын ақпараттандыруды толықтай цифрландырмақшы. Ондағы мақсат – туысқаны ауруханаға түскен адамның ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдетіп, дәрігерлерді басы артық қоңыраулардан босату, халық пен ауруханалар арасындағы дау-жанжалды азайту. Сол үшін бір ортақ сервис жасалады. Туыстар науқастың жағдайын, қай бөлімде жатқанын, отаға немесе жан сақтау бөліміне алынғанын, қашан жалпы палатаға ауыстырылғанын, қандай ем тағайындалғанын сол сервис арқылы көре алады. Бірақ ол мәліметті науқасқа жанашыр кез келген адам көре алмайды. Жүйе мәлімет сұрап отырған адамның расымен туыс екенін интеграцияланған порталдағы деректер базасы арқылы тексереді.

Пилоттық Жоба әуелі Астана мен Алматыда сынақтан өтеді. Сәтті болып жасат, сервис елдегі барлық ауруханалардың ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады
  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер