Instagram, Facebook-те "декретке миллионмен" шығару жолын үйреткендер жазаланады

image.png

Елімізде "декретке миллионмен" шыққысы келетін азаматтарға тексеріс жүргізіледі. Бүгінгі таңда декреттік төлемді заңсыз жолмен алған 113 әйел сотталуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ-ке сілтеме жасаған  rgmedia.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қулыққа баратындардың қалай тексерілетінін айтты.

Қазіргі таңда Instagram, Facebook және басқа да әлеуметтік желілерде кейбір кәсіпкерлер мен декреттік демалысқа шығуды жоспарлап отырған адамдарға әлеуметтік төлемдерді көбірек алу үшін "ресми" түрде еңбек шарттарын қалай жасау керегін үйрететін кеңестердің артқанын байқаймыз, - дейді вице-министр.

Бұл схема бойынша адам декретке шықпас бұрын өзіне немесе танысына жеке кәсіпкерлік (ЖК) немесе ЖШС арқылы "жұмысқа" орналасып, жоғары жалақы көрсетеді. Соның негізінде ол мемлекеттен үлкен көлемде әлеуметтік төлем алады.

Мұндай жағдайларды анықтау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Салық комитеті мәліметтерді салыстырып, күмәнді әрекеттерге тексеріс жүргізеді. Сонымен қатар, салық органдары кәсіпкерлердің есептерін, салық төлемдерін және басқа да мәліметтерді талдап, заң аясында бақылау жүргізіп отыр, - деді Сарбасов BAQ.KZ тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Декретке миллионмен шығатындарға тықыр таянады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мұндай әрекеттер қылмыстық іс қозғауға дейін әкеліп соғатынын ескертті.

Бүгінгі таңда 113 әлеуметтік төлем алушыға қатысты 16-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекетке 158 млн теңгеден астам шығын келген. Бұған қоса 2024 жылдың қыркүйегінен бері 1,5 мыңға жуық азамат өз еркімен табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 млрд теңгені қайтарған.

Бұл жүйеге адал қатысушылардың әлеуметтік аударымдарын қайта бөлуде әділетсіздікке әкеп соғады, - деген еді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 300-дей «Болашақтың» түлегі борышын өтемеген
  • Енді пәтерін жалға беретіндер кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс
  • Instagram, Facebook-те "декретке миллионмен" шығару жолын үйреткендер жазаланады
  • Шымкентте енді «пропискаға» тұру қиындайды
  • Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер