Шымкентте енді «пропискаға» тұру қиындайды

image.png

Еліміздің кейбір қалаларында енді "пропискаға" тұру қиындамақ. Себебі Мәжілісте Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардағы көші-қон процестерін реттейтін заң қаралып жатыр, деп хабарлайды  rgmedia.kz тілшісі.

Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, халық қазір қалаларға көшуге бейім. Өйткені ірі қалаларда сапалы білім мен медицина, дамыған инфрақұрылым, инновациялар мен технологиялар шоғырланған, бұл өз кезегінде тез урбанизацияға әсер етеді. Осы процесс елімізгеде тән болып отыр.

"Қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынады. Бұл пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына апарып соқты. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері бар", – Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері анықтаған. Астана қаласының пәтерлерінің бірінде 800-ден астам адам тіркелген. Жалпы айтқанда, 924 осындай мекенжай анықталған көрінеді.

Осы мәселені шешу мақсатында:

- елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту, яғни мәслихатпен алдағы уақытта бір азаматқа қанша шаршы метр тиісілі екені белгіленетін болады; 

- астана аумағында бір мекенжайда нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылады.

"Бір пәтерге 800 адам тіркелген жайттар бар. Ол заңның бұзылғаны. Инфрақұрылымға ол әсер етеді. Сол себепті әрине, оны шектеу керек. Ішінде ерекшелігі болады. Маусымдық жұмыстарға, құрылысқа адамдар келсе әрине, оның бәрін жазу керек. Құрылысқа келсе құрылыс иесі адамдарды есепке қойып, жатақ дайындауы тиіс. Мәслихат қағидаларды дайындағанда соның бәрін жазуы тиіс, – дейді вице-министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте енді «пропискаға» тұру қиындайды
  • Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық берді
  • BI Group, BAZIS-A компаниялары кірісін төмендетіп көрсеткен
  • Ақылы жолға қарызы бар жүргізушілердің көлігін сатуына шектеу қойылмақ
  • Қазақстанда көпбалалы отбасылар салықтан босатылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер