Табысы аз қазақстандықтарға несие беру талаптары қатаңдайды

image.png

Елімізде енді табысы төмен азаматтарға несие беру талаптары күшейтіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, халықтың шамадан тыс борыштық жүктемесін азайту мәселесі бойынша екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Rgmedia.kz тілішісі.

"Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды.

Сондай-ақ, қарызын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер