Өзбекстан 2026 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы мүмкін

image.png

Өзбекстан президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов  Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуы туралы шешім 2026 жылы мақұлдануы ықтимал екенін айтты , деп хабарлайды Kazinform. Бұл туралы мәлімдеді.

— Шешім түпкілікті, 2026 жылға дейін де көп уақыт қалмады, — деп жазды А.Урунов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, 18-19 ақпан аралығында ДСҰ Бас кеңесінің отырысы өтті. Оның барысында келер жылы 26-29 наурызда Камерунда өтетін саммитке дейін Өзбекстан, Эфиопия, және Босния-Герцеговинаның ұйымға қосылуын мақұлдау ұсынысы көтерілді. Бастамаға қатысты ДСҰ-ның 26 мүшесі сөз сөйлеп, оның 16-сы ресми Ташкентке қолдау білдірді.

Егер Өзбекстан ұйымның толық мүшесі атанса, онда оған уақыт беріледі. Ол кезеңде мемлекет салық саясатын ДСҰ талаптарына сәйкестендіруі керек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлыбритания Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылуы үшін техникалық көмек көрсетеді.

Еске салайық, таяуда президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі аяқталуға жақын екенін мәлімдеп еді.

Бұған дейін ДСҰ-ға қосылу бойынша Өзбекстан АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерді қорытындылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар эндаумент-қорлар туралы заң жобасын мақұлдады
  • Өзбекстан көрермендері енді Қазақстанның телеарналарын тамашалай алады
  • Түркістан облысында білім саласындағы 11 қызметкер жемқорлық үшін сотталды
  • Қазақстанда зейнеткерлер қанша алады?
  • Кейбір азық-түлік пен қызмет түрлерін құн салығынан босату ұсынылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер