Кәсіпкер салық төлемейтіндерге несие бермеуді ұсынды

image.png

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда қоғамнцң өзекті мәселелері талқылануда. Аталған жиында Ұлттық құрылтайдың мүшесі, кәсіпкер Сырымбек Тау  елімізде несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, оны төмендетуді ұсынды. Сондай-ақ салық төлемейтін компанияларға  несие бермеу керектігін айтты деп жазады  RGmedia.kz тілшісі. 

1Микроқаржы орталықтары 46%-ға дейін несие бере алады. Осыны түсіруді ұсындым. Екіншіден, кепілдік несие бар. Ол - 35%. Ол да үлкен. Өйткені жылдан-жылға халқымыздың қарыз алу көлемі өсіп бара жатыр. Қазір ол 13 трлн теңгеден асып кетті. Неге асып кетті? Халық кредитке құмар болып кетті ме? Қарап отырсаңыз, 46%-бен кредит алып, оны төлеу мүмкін емес. Сондықтан халықтың экономикалық сауаты әлі де болса бірқалыпты деңгейде қалып кеткен. Халықтың экономикалық сауатын арттыра отырып, кредит алған кезде қанша пайызбен алатынын түсіндіріп, мемлекет жоғары мөлшерлемеге шектеу қоюы керек, - деді Сырымбек Тау.

Кәсіпкер 46%-ды 35%-ға, ал кепілдік шектеуді 25%-ға дейін түсіруді ұсынып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кәсіпкер салық төлемейтіндерге несие бермеуді ұсынды
  • Әкім орынбасары бір-ақ күн жұмыс істеп, кетіп қалды
  • Қазақстан терроризм қаупі ең төмен елдердің қатарында
  • 300-дей «Болашақтың» түлегі борышын өтемеген
  • Енді пәтерін жалға беретіндер кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер