Нұрлан имам көз тию, жын кіру, сиқыр туралы айтты

image.png

Көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап беретін танымал имам Нұрлан Байжігітұлы бұл жолы да оқырмандарын мазалаған сауалға үн қатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, кей адамдар сене бермейтін үш нәрсе қатар жүреді.

"Үш нәрсе бірге жүреді. Сиқыр, көз тию, жын кіру – үшеуі де бір категориядағы нәрсе. Үшеуінің диагнозы да, жобасы да бірдей. Қазіргі уақытта сиқырдың ең көбі отбасыларда болып жатыр. Әйелі мен күйеуін ажыратып үшін яки біреудің басын қаратып алу үшін немесе үйде сыйыспаса, солардың отбасын бұздырып, ерлі-зайыпты бір-бірін жек көріп кетуі үшін істелінетін сиқырлар көбейіп кетті. Бұл сиқырлар адамға сондай дәрежеде әсер береді екен. Екі адам екі жаққа кетсе, бір-бірінсіз тұра алмайды. Бірақ бір шаңырақтың астында да тұра алмайды. Алайда бір-бірінің көздеріне жер бетіндегі ең жаман хайуан болып көрінеді. Ең соңында ауру болып тынады. Ажалы жетсе, өледі, ажалы жетпесе қалады", - деп түсіндірді имам.

Сондай-ақ қазіргі таңда белең алып жатқан жайттардың да рас-өтірігіне жауап берді.

"Қазіргі уақытта үйлерде, ағаштарда, көпірлердің астында инелер, әртүрлі шаншылған нәрселер көптеп табылып жатыр. Бұлардың көпшілігі – сиқыр. Сиқыр, дуа бастапқы жасалған уақытта басқаша болады. Кейін арада біраз уақыт, 10-15 жыл өткен соң одан да қатты әсер береді. Сиқырдың күшімен адамдар, ағайындар да бөлініп кетуде. Сау адамның жасамайтын әрекетін жасаса, бұл сиқырдың бар екендігін көрсетеді. Бұл – анық нәрсе", - деді Нұрлан имам.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нұрлан имам көз тию, жын кіру, сиқыр туралы айтты
  • Киев кейбір аумақтарын Ресейге беруі мүмкін
  • Кәсіпкер салық төлемейтіндерге несие бермеуді ұсынды
  • Әкім орынбасары бір-ақ күн жұмыс істеп, кетіп қалды
  • Қазақстан терроризм қаупі ең төмен елдердің қатарында
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер