Қазақстанда «Bishimbayev University» ашыла ма – министрлік жауабы

image.png

Әлеуметтік желіде Таразда «Bishimbayev University» ашылады деген ақпарат тарады. Онда жоғары оқу орнын сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі ашуды жоспарлап отырғаны хабарланған. Осы жайтқа қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігі түсінік берді деп жазады ҚазАқпарат. 

Ведомствоның ресми өкілі Олжас Беркінбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-3-бабына сәйкес, кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысу үшін заңды тұлғаларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіреді. 

Осыған байланысты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензиялануға жатады.

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, рұқсат беру немесе хабарлама тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді. 

– Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік «Bishimbayev University» атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады. Сондай-ақ «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тиісті өтінімнің болмағанын хабарлайды, - дейді Олжас Беркінбаев. 

Бірер күн бұрын хабарлағанымыздай Қазақстанда екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді. 

Еске сала кетейік, азаматтық некеде болған әйелін өлтіргені үшін бұрынғы шенеунік Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың хатына жауап жолдады
  • Қоғамдық орында құстарды тамақтандырған қазақстандықтар енді айыппұл төлейді
  • Қазақстанда қарасорадан қағаз шығармақ
  • Ақша аударымдары мен QR төлемдері: Қазақстанда жаңа ереже қашан күшіне енеді
  • Түркістан облысының әкімі өзбекстандық инвесторлармен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер