ДДСҰ: Әлемде жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін

image.png

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус жаңа пандемияның басталу қаупін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пандемияның алдын алу туралы келісімді дайындаумен айналысатын үкіметаралық келіссөз органының ХІІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Гебрейесус пандемия "20 жылдан соң, тіпті ертең де болуы мүмкіндігін" ескертті.

Сондай-ақ ол әлемдегі СOVID-19-дың ауыр салдары мен "келесі пандемияның кезек күтпейтінін" алға тартты.

Айтуынша, пандемияның басталуы – "бұл теориялық қатер емес, эпидемиологиялық айқындық".

ДДСҰ басшысы бұған дейін де айтып жүрген жаңа пандемияның басталу ықтималдылығы туралы айтқанын тағы қайталады.

Пандемия 20 жылдан соң немесе тіпті, ертең де басталып кетуі ғажап емес. Оның болары анық, біз кез келген жағдайға дайын болуға тиіспіз, - деді Гебрейесус.

Сондай-ақ ресми деректерге сәйкес, COVID-19 пандемиясы кезінде 7 млн-нан астам адамның көз жұмғанын ұмытпау қажеттігін атады.

Біз ол пандемиядан қайтыс болғандардың саны негізі 20 млн адам деп санаймыз. Сонымен қоса, адами шығындардың дерегінен бөлек, пандемия әлемдік экономикаға 10 трлн доллардан астам шығын келтірді, - деп атап өтті ДДСҰ басшысы.

Еске салайық, COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай 2020 жылғы қаңтардың аяғынан 2023 жылғы 5 мамырға дейін әлемдік денсаулық сақтау саласын дүр сілкіндірді.

ДДСҰ таратқан дерекке сәйкес, 2025 жылғы 23 наурыздағы статистикада коронавирус жұқтырудың 777 684 506 жағдайы тіркеліп, 7 092 720 адам қаза тапқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейбір азық-түлік пен қызмет түрлерін құн салығынан босату ұсынылды
  • Статистика: Қазақстанда қарт адамдар саны артты
  • Ұлттық құрылтай – 2025: Президент 54 тапсырма жүктеді
  • Жылқы еті әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне кіруі мүмкін
  • ДДСҰ: Әлемде жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер