Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

image.png

Танымал спорт журналисі, БАҚ саласының белгілі өкілі Диас Ахметшәріп 49 жасында өмірден өтті. Мәліметті Туризм және спорт министрлігі растады.   

Бұған дейін Диас Советқалиұлы миына қан құйылып, комаға түскені жайлы жазған едік.

Ондағы мәліметке сай, оқиға Ақтауда қаласында болған. Кейін дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған. Ақыры сол сырқатынан оңала алмай, бүгін өмірден өтті. 

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жыл «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі болған.

«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003-2007 жж. — ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 — 2012 жж. — «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж. — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі болды.

Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болды.

Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамында жұмыс істеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті
  • Ауылға бейімделген ипотекалық бағдарламалар әзірленуі мүмкін
  • Елімізде енді жемқорлардың туыстарының мүлкі тәркіленуі мүмкін
  • «Бомбардино крокадило», «траллалеро траллаеро»: Зиянды роликтер туралы министрлік мәлімдеме жасады
  • ДСМ ескертеді: Омикрон вирусының штамдары айналымда жүр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер