Мақтаның 85% шикі күйінде экспортталады — Депутат шаруалар мәселесін көтерді

image.png

Мұрат Қадырбек өзінің депутаттық сауалында суармалы су жетіспеушілігі, топырақтың тозуы, өнімділіктің төмендігі, шикізат бағасының құлдырауы мәселелерін көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады. 

— Түркістан облысы — республикадағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Шаруа қожалықтары өнімін дұрыс мөлшерде ала-алмай, еңбегінен табыс табудың орнына тек шығындарын өтеп, кей жағдайда қарызға батып ертеңгі күніне алаңдаумен келеді, — деді М. Қадырбек бүгінгі Сенат отырысында.

Сенатордың айтуынша, жағдайды одан әрі қиындатып отырған жайт — мақтаның шикізат түрінде делдалдар арқылы экспортталуы. Халықаралық нарықта сұраныстың азаюы және өңдеу шығындарының жоғары болуына байланысты жергілікті өндірушілер табыс таппай, тиімсіз жағдайда қалып отыр.

Елімізде мақта талшығын терең өңдейтін 3 кәсіпорын ғана бар, олардың үлесі 15%-дан аспайды, ал қалған 85% шикі күйінде экспортталады. Қазақстанда мақта өнімін өңдеу құны тоннасына 150-170 мың теңге шамасында, бұл Қытай мен Өзбекстандағы бағадан үш есе жоғары. Мұндай жағдай шаруалардың табысын азайтып, экономикалық тұрақтылығына кері әсер етеді.

Осыған байланысты сенатор саланы тұрақтандыру мен дамыту үшін кешенді шаралар қабылдауды ұсынды.

— Нарықтық экономикаға сай барлық тараптың құқығы қорғалып, әділ бәсекелестік пен сапалы өнім алу үшін арнайы мақта саласын дамыту туралы заң әзірлеуді қарастыру қажет деп есептейміз. Қазақстандық мақтаның сапасын жақсарту және оны әлемдік нарыққа шығару үшін мақта шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламасын әзірлеп, енгізу қажет, оған жергілікті атқарушы органдар мен мақта өндірушілері тартылуы керек. Мақта шаруашылығы саласындағы отандық кәсіпорындарды офтейк-контрактілермен қамтамасыз етуді қарастыру керек, — деді Мұрат Қадырбек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
  • Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер