Елімізде дәрі-дәрмектің бағасы 30 пайызға арзандайды

image.png

Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасы 30 пайызға арзандайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев айтты. 

— Былтыр бізге айтылған сындардан кейін бағаның қалыптасу моделін өзгертетінімізді хабарладық. Министрлік ауқымды жұмыс жүргізіп, бұл модельді өзгертті. Дәрі-дәрмекке қосылатын бірқатар қосымша құн алынып тасталды. Біз маркетингке, кеденге, көлікке жұмсалатын шығынды бағаға қосуды жөнсіз деп таптық, - деді ол ОКҚ алаңында.

Оның айтуынша, осының арқасында дәрі-дәрмектердің бағасы айтарлықтай арзандауы тиіс.

— Бүгінгі күні бір ғана үстеме баға қалдырылды, ол өндіруші зауыт белгілеген құнға қосылады. Аталған модель қазірдің өзінде сынақтан өтіп үлгерді, сондықтан 1 шілдеге дейін Қазақстан аумағында тіркелген барлық дәрілік заттарға қайта есептеу жүргізіледі. Қазір фармацевтикалық қауымдастықпен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз бұл модель бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберіндегі дәрілердің бағасы шамамен 19%-ға, ал көтерме-бөлшек сауда саласында шамамен 30%-ға төмендейді деп болжап отырмыз, - деді вице-министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер