Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады?

image.png

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 855,9 мың отбасы жалпы сомасы 253,4 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 613,7 мың отбасы, наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 242,2 мың адам қамтылды.   

2025 жылдың мамыр айында жоғарыда аталған жәрдемақылармен 865,3 мың отбасы жалпы сомасы 51,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 622,3 мың отбасы 45 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243 мың адамға 6,5 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе

15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер