Түркістан облысының әкімі өзбекстандық инвесторлармен кездесті

image.png

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Өзбекстаннан келген инвесторлармен кездесті. "U-UMAX Group" компаниясының өкілдері Түркістан облысымен әріптестік және іскерлік байланыс орнатуға ниетті екендерін жеткізді. Өңір басшысы Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанын жеткізді. 

– Өзбекстан – көршілес мемлекет қана емес, бауырлас ел. Орталық Азиядағы экономикасы дамып келе жатқан қос мемлекет арасында байланыс өте жоғары деңгейде. Түркістан облысында кәсіпкерлікті, өндірісті, туризмді, ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Өзбекстандық кәсіпкерлер құрылыс, жол, теміржол және өзге де салалар бойынша жобаларды қарастыратындарын жеткізді. Әріптестікті, байланысты нығайту жолдары талқыланып, келіссөздер жүргізілді. 

Айта кетейік,  облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ, шағын өндірістік парк, 5 өндірістік субзоналары бар арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда  52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаға қажетті құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
  • Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
  • 4 және 5 балалы отбасыларға жәрдемақы төленбейді деген ақпарат жалған – Министрлік
  • Ерлан Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер