Қазақстанда SIM-карта алу қиындайды

image.png

Қазақстанда  ұялы байланыс нөмірлерін пайдалану тәртібіне қатысты жаңа талап енгізілді. Бұдан былай SIM-карта биометриялық тексеруден өтпейінше жұмыс істемейді. 

Жаңа ережеге сәйкес, әрбір SIM-карта нақты бір азаматтың атына тіркелуі тиіс. Байланыс картасын бұрынғыдай дүкендерден сатып алуға болады, алайда оны іске қосу үшін бет-әлпетті тану арқылы биометриялық тіркеуден өту қажет.

Смартфон пайдаланатын азаматтар тіркеу рәсімін ұялы байланыс операторының мобильді қосымшасы арқылы орындай алады. Ал интернетке қолжетімділігі жоқ немесе батырмалы телефон қолданатындар операторлардың қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді.

Сонымен қатар бір адамға рәсімделетін SIM-карталардың ең жоғары саны 10-мен шектелді.

Жаңа талап интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында енгізілді. Соңғы уақытта қаскөйлер тіркелмеген телефон нөмірлерін жиі пайдаланғаны атап өтілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Атақ базарға түсті: депутат дабыл қақты
  • Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады
  • Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
  • Шымкентте автобуста билетсіз жүргендерге салынатын айыппұл мөлшері өсті
  • Қазақстанда SIM-карта алу қиындайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер