Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады

image.png

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлына (qais_arr) іздеу жариялады.

Мәліметке сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте дүниеге келген Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздестіру ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда Астана қаласында тіркелген.

Іздестіру шараларын Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.

Блогердің Instagram-да 2,6 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан астам оқырманы бар.  Тревел-блогер сондай-ақ отандық фильмдерге де түскен.

Іздеудегі Қайсар Қамза кеше кешкісін әлеуметтік желідегі парақшасына тамақтанып отырған суретін жүктеп, "Бәрі жақсы" деген жазба қалдырды. Суретте оның ішімдік ішіп отырғанын байқауға болады. 

Айта кетейік, 2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі Қайсарды заңсыз онлайн-ойындар мен ұтыстар өткізгендер тізіміне қосқан болатын. Сол кезде оған 1 миллион 179 мың 600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.



image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Конституция жобасына соттан тыс тұрғын үйден айыруға, шығаруға тыйым салатын норма енгізіледі
  • Еңбекке жарамсыз ата-анаға балаларының қамқорлық жасауы Конституцияда бекітілді – Ардагерлер ұйымы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер