Шығыс Қазақстанда нәресте өлімі көбейді

image.png

Шығыс Қазақстан облысында бір жылда нәресте өлімі 38% көбейген.  Облыстағы медицина саласының көрсеткіштерін ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан мәлім етті.

- Өңірде былтыр туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіштері 7,1%-ға, қан айналымы жүйесінің аурулары 3,8%-ға, қант диабеті 9,6%-ға төмендеді. Ал қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері 2,2%-ке артып отыр. Ең көп өсім Марқакөл (23,8%) және Ұлан аудандарында байқалып отыр, - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, нәресте өлімі 38%-ға көбейген. Күршім ауданында (53%) ең көп өсім тіркелді.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 1,1%-ке өскені байқалады. Жыл көлемінде ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шығыс Қазақстанда нәресте өлімі көбейді
  • Мәжіліс жаңартылатын энергия саласына қатысты маңызды құжатты қабылдады
  • Атақ базарға түсті: депутат дабыл қақты
  • Ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсіткен қазақстандық коуч кешірім сұрады
  • Іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза мәлімдеме жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер