Әл-Фарабидің ескерткіші жаңаруда

Screenshot_12.jpg

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының "Туған жер" арнайы жобасы аясында Түркістан облысы Отырар ауданында әл-Фараби ескерткішіне жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ауданда "Даңқты бабалар саяжолы" жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енуде.  Ұлы ойшылдың еңселі ескерткіші бой көтерген бұл нысан 2005 жылы салынған болатын. Саяжолды қалпына келтіру жұмысына қазынадан  71,726 миллион теңге қаржы қаралып отыр.  Бұл қаржыға жалпы көлемі 524 шаршы метр жер көгалдандырылып, 48,3 шаршы метр болатын әл-Фарабидің ескерткіші гранитпен қапталатын болады. Сондай-ақ, аяқжолға арналған жолдар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылып, жарықшамдар орнатылып, сахна қайта түрленетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Туған жер" арнайы жобасының мақсаты - қайырымдылық мәдениетін дамыту, шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу, азаматтарды туған өлкенің дамуына тарту, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.

  Айта кетейік, әл-Фарабидің туған жері Отырар өңірінде ғұламаның 1150 жылдығына орай шығармашылығына арналған одан өзге де мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында жас фарабитанушыларды тәрбиелеу жалғасуда.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Беделі де, ары да таза жігіт» - Мәжіліс депутаты (видео)
  • «Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды» - Тоқаев
  • «Сайлауды таза, әділ өтті деп ешкім айта алмайды» - Мұхтар Тайжан (видео)
  • Жүрсін Ерман діни сектаға кетіп қалған айтыскерлердің атын атады (видео)
  • Дарынды балаларды іріктеу басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер