" />
" /> «Шәмші үйі» ашылды- RG media - ақпараттық агенттігі

«Шәмші үйі» ашылды

Screenshot_17.jpg

Киелі Отырар жері талай талантты жанды дүниеге әкелген мекен. Ежелден-ақ Отырар мәдениет пен өркениеттің ордасы болғаны анық. 

Осы орайда Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасың "Ұлы даланың ұлы есімдері" және "Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялар музейі" арнайы жобаларының аясында Түркістан облысы Отырар ауданында Шәмші үйі ашылды.

Қазақтың ән падишасы, белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай, Шәмші Қалдаяқовтың балалық шағы өткен үйі мұражайға айналды. Бұл игі іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова арнайы келді. Сондай-ақ, тарихи нысанның ашылу салтанатына әнші, компазитор Жеңіс Сейдулла, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Шәмші Қалдаяқовтың кенже ұлы қатысты.

Министр барша қазақстандықтарды композитордың 90 жылдығымен құттықтай отырып, Шәмші Қалдаяқовқа осындай тарихи, естелік нысандар ашуға қолдау көрсеткен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке алғыс білдірді.

Музей іші композитордың өзі қолданған заттардың түпнұсқасымен толықтырылған. Естелік суреттері де үй қабырғаларында жарқырап тұр. Бұл заттарды жинақтауға ауыл тұрғындары, Шәмшінің жақын туыстары және көзін көрген достары көмектескен. 

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасының негізгі мақсаты - даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын зерделеу және танымал ету.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Беделі де, ары да таза жігіт» - Мәжіліс депутаты (видео)
  • «Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды» - Тоқаев
  • «Сайлауды таза, әділ өтті деп ешкім айта алмайды» - Мұхтар Тайжан (видео)
  • Жүрсін Ерман діни сектаға кетіп қалған айтыскерлердің атын атады (видео)
  • Дарынды балаларды іріктеу басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер