Кітапхана ұлы тұлғаларды ұлықтауда

Screenshot_19.jpg

Кітапхана - білім беру мекемесінің ақпараттық орталығы. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен.

 Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ –де жас ұрпаққа ана тіліміздің қасиетін дәріптеу, тілді құрметтеуге баулу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, ана тілінің басқа ұлт тілдеріне қарағанда ерекшелігін сезіндіру, қазақтың тіл өнерін дамыту мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Атап айтар болсақ, биыл Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске – 75 жыл, Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына – 750 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына – 555 жыл, Әлемнің «Екінші Ұстазы» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабиге – 1150 жыл, Қазақстан Халқы Ассамблеясына – 25 жыл және Ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл т.б атаулы даталарға арнап кітап көрмелері безендіріліп, насихат жұмыстары жүргізілген. Әл-Фараби бабамыздың өшпес мұраларын насихаттау мақсатында жастар арасында аудандық «Әбу Нәсір әл – Фараби оқулары» байқауы өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей¬тойына орай, аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» атты эссе байқауы, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары», «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты әдеби онлайн байқаулары өткізіліп, жастар біліммен сусындаған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға барады
  • Парламент жаңа Су кодексін бекітті
  • Қазақ тазысына берілген патент жарамсыз болып шықты
  • Мүфтият ЛГБТ өкілдеріне қатысты ресми пәтуа шығарды
  • Нұрлан имам көз тию, жын кіру, сиқыр туралы айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер